Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021

«Shymkent Chemical Company» кәсіпорнының құрылысы аяқталуға таяды

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мұнай-химия бағытындағы «Shymkent Chemical Company» ЖШС өндіріс орнының жұмыс барысын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kzEgemen.kz.

«Shymkent Chemical Company» кәсіпорнының құрылысы аяқталуға таяды

Шымкент қаласының аумағында бірінші толық интеграцияланған химия зауыты "Оңтүстік" АЭА аумағында метил-трет-бутил эфирі және ұнтақты полипропилен өндіру жобасын іске асыруда. Метил-трет-бутил эфирі - октан отынын ұлғайтуда оттектендіретін қоспа. Ұнтақты полипропилен - қап контейнерлер, құбырлар өндіру үшін қолданылатын шикізат полимер өнімі.

Өндірістің жобалық құны - 28 млрд теңге. Жоба аясында жылына 80 000 тонна МТБЭ, 100 000 тонна ұнтақты полипропилен өндіру жоспарлануда. Зауыттың бір ерекшелігі, мұнай өнімдеріне жоғары стандартты қосымша қоспа өнімдерін дайындайды.

Жалпы аталған өндіріс қаланың өңдеу өнеркәсібіне айтарлықтай үлес қосады. Нақтырақ айтқанда, жылына 4 млрд теңгенің өнімі шығарылмақ.

Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған болатын. 1-кезең 2021 жылы наурыз айында іске қосылмақ. Бүгінде зауыт құрылысы 98 % - ға аяқталды. Әкімшілік-тұрмыстық кешеннің, резервуарлық паркі бар операторлық және төгу-құю эстакадасының құрылысы 100 %, толығымен орындалды.

Зауыт басшыларының айтуынша, 1 кезеңде 150 адамды, 2 кезеңде 100 адамды жұмыспен қамту көзделуде.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше