Елорда • 23 Қаңтар, 2021

Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын онлайн-форматта қабылдады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында осы айдың басынан бері аудан әкімдерімен бірлесе 400-ден астам тұрғынды қабылдағанын мәлім етті.

Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын онлайн-форматта қабылдады

«Бүгін 12 тұрғынды онлайн қабылдадым. 20-дан астам сұрақ қамтылды. Азаматтарды апта сайын онлайн режимде қабылдап тұрамыз. Бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында кері байланысты айтарлықтай нығайтуға, қойылған сауалдарға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қабылдауда көтерілген мәселелер медициналық көмек алу, білім алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т. б. қатысты.

Осы айдың басынан бері әкім орынбасарлары және аудан әкімдерімен бірлесе 400-ден астам тұрғынды қабылдадық», - деп жазды қала әкімі.

Соңғы жаңалықтар