Білім • 23 Қаңтар, 2021

Асхат Аймағамбетов білім саласының өкілдерімен кездесті

735 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласының өкілдерімен кездесу өткізіп, сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Аймағамбетов білім саласының өкілдерімен кездесті

Кездесуге қатысушылар орта білім беруді дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтты. Әдіскерлердің рөлін арттыру, ротация институтын енгізу, білім беру ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптарды күшейту, оларды тағайындау және аттестаттау тәртібін өзгерту қажеттілігі туралы сөз қозғалды.

«Ұстаздар «білікті педагогтер басшылық лауазымдарға ұмтылуға құлықты емес», - дейді. Өйткені директорлардың айлығы ұстаздардың еңбекақысынан әлдеқайда төмен. Дегенмен, жүктелетін міндет көп, артылатын жауапкершілік жоғары. Осыған байланысты мектеп басшыларын тағайындау және олардың жалақысын арттыру бойынша енгізілетін өзгерістер туралы айттым», деп жазды министр.

Кездесу барысында педагогтерді аттестаттау, саладағы цифрландыру, педагогикалық этика нормаларын сақтау, білім беру бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жақсарту, қашықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері, "Алтын белгіге" үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейту және тағы басқа өзекті мәселелер көтерілді.

Жиынға қатысушылар педагог мәртебесі артып, жалақының айтарлықтай көтерілгенін алға тартты.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше