Қоғам • 23 Қаңтар, 2021

Биыл елордада 400-ден астам отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерге көшті

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа баспанаға ие болғандардың бірі - Гүлнәр Қызылтаева қуанышын жасыра алмады. Осы уақытқа дейін ол отбасымен бірге апаттық жатақханада тұрып келіпті.

Биыл елордада 400-ден астам отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерге көшті

«Біздің пәтеріміз мақтауға лайық. Кең, жылы және жайлы. Үйіміз орналасқан тұс ұнайды. Мұнда қажетті инфрақұрылымның бәрі бар: мектептер, балабақшалар, дүкендер және медициналық мекемелер. Қатты қуанып жүрміз. Бізге көрсеткен көмегі үшін елорда әкімдігіне тағы да алғыс білдіргіміз келеді» - деді ол.

Жаңа қоныстанушылардың бірі Людмила Баранованың айтуынша, ол 30 жылдан астам уақыт барақ үйде өмір сүрген.

«Бұрынғы және қазіргі үйім бір бірімен салыстыруға келмейді, аспан мен жер сияқты. Барақ үйіміз жылытылмайтын, қалың киініп ұйықтайтынбыз. Сумен жабдықтау және кәріз желісі атымен болмайтын. Өлермендік халде едік. Ал қазіргі пәтерім жылдар бойғы арманым еді. Бәрі өзім қалағандай болды. Енді мен үшін әр күнім мереке сияқты. Мұндай сыйлық жасаған билікке көп рахмет», - деп қуанды ол.

Елордада апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше