Елорда • 24 Қаңтар, 2021

Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмысы жалғасып жатыр

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Instagram парақшасында газдандыру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмысы жалғасып жатыр

«Қаланы газдандыру 3 кезеңнен тұрады. Қазір Көктал-2 елді-мекені тұрғындарының үйлерін көгілдір отынға қосу және жұмыстарды қабылдау жүріп жатыр. Бұған дейін осы елді-мекенде ішкі желілерге газ берілді. Сонымен бірге, газ Железнодорожный елді-мекеніне де беріліп, қараша айында орталықтандырылған газбен жабдықталды. Жалпы, қала ішіне 300 шақырымнан астам газ құбырлары тартылды», - деп жазды әкім.

Оның айтуынша 800 үй техникалық шарттарға сәйкестік құжатына қол жеткізіп, 5 мыңнан астам адам фронт-офистерде кеңес алды. Тұрғындарға ақысыз берілетін есептегіштер қарастырылған.

«Елорданы газдандыру - Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи жобасы. Қаланы газдандыру процесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Елорданы газдандыру зиянды қалдықтарды төмендетуге мүмкіндік береді. Қаланың экологиясы жақсарады, ал бұл - тұрғындардың денсаулығына жағымды әсер етеді», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше