Аймақтар • 24 Қаңтар, 2021

Құнсыздық құлдың түбіне жетеді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саяжайда болған мына ұрлықты ести бастағанда араққа салынған кезбелердің ісі деп ойлап қалғанбыз.  Өйткені елу кг-дай болатын шойын ванна мен темір кереуетті темір қалдықтарын жинайтындарға солар өткізбесе басқа адам әуре бола қоймас деп ойлағанбыз.

Құнсыздық құлдың түбіне жетеді

Сөйтсе, оны істеген «Mitsubishi Delica» автомашинасы бар қаланың 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Қандай құнсыздық десеңізші, саяжайды бұзып кіріп, одан зілдей темірлерді жалғыз өзі зордың күшімен тар машинаның ішіне артқанша таксист болып кісі тасыса - сол ақшаны табатын еді ғой. Рас, ол бұрын осындай қылмысымен сотталған адам екен. Бірақ ұрлығын қойғысы келмеген. Қазір үстінен тағы да іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Ал оның ұсталуында бейне-бақылау камераларының көмегі көп болды. Жүрген жолы бір камерадан соң бір камераға түсіп отырып, із кесушілерді оның үйіне алып келген.

«Бейнебақылау – қылмыстардың алдын алудағы және оларды ашудағы ең тиімді құралдардың бірі. Петропавлда 2020 жылдың 1 қарашасынан бүгінгі күнге дейін саяжай учаскелерінде 6 қылмыс тіркелді. Желтоқсан айында «Надежда» қауымдастығының күзетшісі қылмыстың жолын кескен. Қылмыскерлерді саяжайда иелерімен қалдырылған құрал-саймандар, тұрмыстық заттар мен металдан жасалған заттар қызықтырады, - дейді облыс орталығындағы ПБ криминалдық полиция бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Дархан Зияфиддин».