Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында қазақ халқының этникалық тарихына арналған «Инкорпорированные и внежузовые группы казахов (XVIII – начало XX вв.») деп аталған ұжымдық монографияның тұсауы кесілді.

«Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» ғылыми жобасы аясында жазылған монографияда қазақ халқының құрамына кірген топтардың дәстүрлі мәдениеті мен тарихына жан-жақты талдау жасалған. Іргелі еңбекті жазуға тарих институтының қызметкерлерінен бөлек Нұр-Сұлтан, Түркістан және Семей зерттеушілерімен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары да үн қосқан.
Туынды авторларының бірі Болат Смағұловтың сөзінше, бүкіл жер жүзінде «таза» халықты ешкім таба алмайды. Қазақ халқы да кезінде басқа халықтардың бір бөлігін өзіне сіңіріп алды.
– XIX ғасырдағы көрнекті орыс ғалымы В. Радловтың айтуынша, рулардың атаулары қазақтардың әртүрлі түркі, моңғол, самодийлік тайпаларынан қалыптасқанын көрсетсе де, әлеуметтік-саяси және тіл тұрғысынан қазақтардың бәрі әбден бірігіп, сіңісіп кетті; сондықтан біз оларды біртұтас халық деп айта аламыз, ал 1867 жылы Қазақ даласына қатысты әкімшілік мәселелермен айналысқан комиссия келесідей байламға келген. «Жергілікті жағдайлар мен халық тұрмысын зерттеудің нәтижесінде шығу тегі, діні, тілі, өмір салты жағынан қарағанда, қазақтар біртұтас халық болып табылады деген қорытынды шығардық; сол себептен олардың бәріне бірдей басқару жүйесінің керек екеніне көзіміз жетті». Ал кірмелер мен жүздерге кірмейтін топтарға тоқталар болсақ, монографияда бірнеше топқа айрықша көңіл аударылды. Мысалы, түркі халықтарына жатпайтын топтардың ішінде қазақтардың құрамындағы қалмақтарды айтуға болар еді. Қалмақтарға қатысты ақпаратты қазақтың 1824 жылы жиналған дәстүрлі заңдарынан (обычное право) көреміз: Онда «Қазақтардың арасында жалшы болып жүрген қалмақтар өз иелеріне толықтай бағынады; иелері олардың кінәсі бар ма, жоқ па, бәрібір жазалауға құқылы, жалшы шағымданса да, оны ешкім тыңдамайды да; бірақ сол жалшыға бостандық берілсе, олар басқа қазақтар сияқты тең құқықтарға ие» деген жолдар бар, – дейді Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Болат Смағұлов.
Монографияда ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ жерінде тұрған орыстардың да бір бөлігінің ассимиляцияға ұшырағаны айтылған. Мәселен, Әулие Ата уезінің Шу және Арғын болыстарында Шу өзенінің жағасына шамамен 1880-ші жылдары көшіп келген, балық, аң аулаумен айналысқан орыстардың (Жетісу қазақтары, Әулие Ата қаласының тұрғындары) бірнеше отбасы қазақыланып кеткені дәйекпен келтіріледі.
ХХ ғасырдың 20 жылдарына дейін қазақтардың этникалық құрамында сарттардың бар болғаны да белгілі. Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатының қорында сақталатын деректерге сүйенген тарихшылар, 1926 жылы Ақмола облысында Сарт болысы болғанын алға тартады.
«Бұдан бұрын сарттар 1916 жылы Жетісуда да тұрған. Сол кездегі орыс құжаттарында сарттар әлі де қазақтардан бөлек көрсетілсе де, олар балаларына қазақша есімдер қоятын. Сарттардың бір бөлігі «шала қазақ» деген топтың құрамына кіргені де мәлім. Мысалы, ХХ ғасырдың бас кезінде Семей облысының Өскемен уезінде шала қазақтардың Мешіт деген елді мекенінде саудамен айналысатын сарттар тұрды, ал содан кейін сарттардың Бөкен мен Ахмирово сияқты елді мекендері құрылды. Шығыс Қазақстаннан басқа, сарттардың Жетісу жерінде де орналасқаны белгілі. Атап айтқанда, Алматыға (сол кезде Верный) жақын жерде XIX ғасырдың 60-жылдары Байсерке деген сарттар тұрған кент, ал 1904 жылы Закировское елді мекені құрылды. ХХ ғасырдың бас кезеңіне жататын дереккөздерге қарасақ, аталған екі елді мекеннің сарттары өздерін былай сипаттады: «Біз қазақша сөйлейміз, қазақтар қалай, біз де солай шаруашылығымызды жүргіземіз, бірақ сарттардай сауда жасауды ұнатамыз». Сонымен қатар көрсетілген кезеңде қазақ халқының құрамына қырғыздардың бір бөлігі де кіргені баршаға мәлім», дейді Болат Смағұлов.
Әлбетте, аталған монография қазақ халқының этникалық тарихын бастан- аяқ зерттеді деп айтуға болмас. Тарихшылар бұл бағыттағы ізденістер бұдан әрі де жалғаса беретінін жеткізді. Ал жарық көрген кітап көптеген ғылыми деректерді қамтуымен құнды.
АЛМАТЫ
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • Кеше
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • Кеше
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • Кеше
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • Кеше
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • Кеше
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • Кеше
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • Кеше
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • Кеше
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • Кеше
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Кеше
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Кеше
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Кеше
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Кеше
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Кеше
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Кеше
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Кеше
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Кеше
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Кеше
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Кеше
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Кеше
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Кеше
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Кеше
Әлем • Кеше
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар