Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021

Қарағандыда әйел адам өртенген үйдің үшінші қабатынан секіріп кетті

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласының шетіндегі ауылда өртенген тұрғын үйдің үшінші қабатынан әйел адам секіріп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағандыда әйел адам өртенген үйдің үшінші қабатынан секіріп кетті

«24 қаңтарда сағат 06: 57-де Абай ауданы Дубовка ауылындағы пәтерден түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімдері келген уақытта пәтерден жалын шығып тұрды.

Өрт сөндірушілер 3-қабаттың терезесіне үш иінді баспалдақ орнатып, улы газдан зардап шеккен адамды құтқарды. Жалын жалпы ауданы 75 шаршы метрді шарпып, үш пәтердегі тұрмыстық заттар, жиһаз, ағаш еден өртеніп кеткен», делінген хабарламада. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін әйел 3-қабаттан секіріп, омыртқасынан жарақат алған. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 16 маманы мен 4 арнайы техникасы жұмылдырылды. Қазіргі мәлімет бойынша, өрттің шығуына ашық от көзі себеп болған.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше