15 Желтоқсан, 2013

Құрметті отандастар!

237 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді еліміздің басты үлттық мерекесі –

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтайды!

Бұл күн жаңа Қазақстанның құрылғанын, біздің еліміздің егемендігі мен өз тағдырын дербес шешу құқығының пайда болғанын паш етеді.

Осы күні біз ұлы ата-бабаларымыз ар­ма­­н­даған – қасиетті қазақ жерінде біртұтас мемлекет құру мұратының ақиқатқа айналғанына куә болдық!

Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді еліміздің басты үлттық мерекесі –

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтайды!

Бұл күн жаңа Қазақстанның құрылғанын, біздің еліміздің егемендігі мен өз тағдырын дербес шешу құқығының пайда болғанын паш етеді.

Осы күні біз ұлы ата-бабаларымыз ар­ма­­н­даған – қасиетті қазақ жерінде біртұтас мемлекет құру мұратының ақиқатқа айналғанына куә болдық!

Тәуелсіздікпен бірге біздің өмірімізге бейбітшілік, тұрақтылық, қоғамдық келісім мен ел бірлігі ұғымдары бойлай енді.

Бүгінде бұл – Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін бекітіп берген тұтас халықтың, қоғам мен мемлекеттің бас­ты қағидасы.

Бұл мереке – туған жер мен Қазақ елінің азат­тығы жолында ғасырлар бойы жанқиярлықпен кү­рес­кен азаматтарымыздың ерлігіне деген тарихи тағзым.

Бұл – елді біріктіретін, біздің Ұлттық рухымызды асқақтататын және Ұлы Даладағы мемлекеттіліктің, дәстүр мен мәдениеттің лайықты мұрагері Тәуелсіз Отанымыздың өз дәстүрлерін қалыптастыратын Ұлы мереке.

«Бір ел – бір тағдыр», «тегі басқа – теңдігі бір» ұғымдары бүгін біздің ұлттық бет-бейнемізге, қоғам өмірінің адамгершілік ұстанымына айналды.

 Біздің еліміз, Мемлекеттік туымыз бен Мем­лекеттік әнұранымыз барша әлемде мойындалған, біздің басқаға үйретеріміз, мақтан тұтар жетіс­тік­теріміз жетерлік. Жиырма жылдың ішінде Қазақстан жаңа тәуелсіз елдер үшін үлгі боларлық ұлттық даму үлгісіне ие болды.

Бұл, ең алдымен, Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбе­­гі­нің, біздің халқымыздың жарқын ниеті мен қолдауы­ның арқасында жеткен биік белес!

Бүгінде Қазақстанның әрбір азаматы болашағына сеніммен қарайды, елінің жетістіктерін және Қазақстан Республикасы азаматы екенін мақтан тұтады. «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру біздің елімізді жаңаша өркендеуге бастайтын тарихи міндет деп білеміз.

Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевты, барша Қазақ­стан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Қа­зақ жеріне бірлік, бейбітшілік және ырыс-ынтымақ тілейміз.

Ұлы мереке бізге әрқашан келешек ұрпақтың бақытты өмірі жолындағы жарқын жетістіктерге бас­тайтын сарқылмас күш-қуат, берік сенім сыйласын!

Мереке құтты болсын, қадірлі отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі.

 

Соңғы жаңалықтар