«2020 жылдың 12 айында газға қосылмаған үйлердің саны 60%-ға қысқарды. Қалған 350 үйдің 57-сі қосылуға дайын, қосылмай қалған үйлерге ішкі монтаждық жұмыстарын жүргізу және үй құрылысын заңдастыру қажет.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2020 жылдың басында демеушілік қаржы есебінен 14 үй газ жабдығына қосылды», - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі жұмыстар аясында сумен жабдықтау және кәріз жүйелері дамуда.
Бүгінгі таңда 2500-ден астам үйді қамтитын "Әлмерек", "Қайрат", "Нұршашқан" үш шағын ауданы бойынша сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталуда. Сонымен бірге, Физули, Огарев, Менжинский көшесі, «Алтай-1» ықшам ауданында 3,5 шақырым су жабдығының құбыры ауыстырылды. 8 мыңнан астам үйді қамтитын «Жас Қанат», «Шуақты» ы/а, Төменгі Пятилетка аумағында және Закарпатская көшесінің коммуникация құрылысы бойынша ЖСҚ әзірленуі аяқталуда.
Сонымен қатар, қосылған шағын аудандарды тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін «Нұршашқан», «Әлмерек» және «Қайрат» шағын аудандарында 4 қосалқы станция орнатылды. «Әлмерек», «Қайрат», «Нұршашқан» және «Шуақты».шағын аудандарында электрмен жабдықтаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
2020 жылы ұзындығы 9,8 шақырым 14 көшеге орташа жөндеу жүргізілді және ұзындығы 12,8 км 10 көше бойынша тротуарлар салынды. "Нұршашқан", "Әлмерек" және "Қайрат" шағын аудандарындағы 74 көшеде 50 шақырым жол салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Жұмыстар биыл басталады.
«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының қаупін азайту үшін білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің жанындағы проблемалық учаскелерге түгендеу жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша 2020 жылы 29 мектеп пен 7 емхананың жанында жаяу жүргіншілер өткелі, жол белгілері орнатылып, «Жолақ» белгісі қойылды», - деді аудан әкімі.