Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021

Семейде «демалмай тұрған» депутаттарға айыппұл салынды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде маска тақпай суретке түскен қалалық мәслихат депутаттарына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасындағылар мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Семейде «демалмай тұрған» депутаттарға айыппұл салынды

Ведомство басшысы Берік Тілебалдиннің айтуынша, айыппұл санкциялары резонанс тудырған суреттегі барлық адамға салынған.

«Санитарлық талаптарды бұзған жеке тұлға ретінде әркім айыппұл төлеуі керек. Айыппұл сомасы - 30 АЕК, бұл шамамен 85 000 теңге», деді қаланың бас санитар дәрігері.

Депутаттардан басқа, фотода бірнеше шенеунік, оның ішінде қала әкімі Ермак Сәлімов пен оның орынбасары Айдар Садырбаев та бар. Олар да депутаттар сияқты жауапкершілікке тартылды. 

Берік Тілебалдин айыппұл төлеуге бір ай берілетінін түсіндірді. Алайда, егер жеті күн ішінде төлесе, айыппұл сомасының жартысын үнемдеуге болады.

Әлеуметтік желіде кейбір депутат суреттің салдары туралы жазып жатыр.

«Маска жоқ сурет үшін айыппұл төлеу түбіртегін алғаннан кейін алдағы дүйсенбіде бірден төлеймін», деп жазды депутат Арман Машимов.

Ал «Ауыл»партиясынан сайланған мәслихат депутаты Қайрат Смағұлов айыппұлды төлеп қойыпты. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. Тек депутат постқа Нұр-Сұлтандағы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында түскен суретін жүктепті.

Ұжымдық фотода Мемлекет басшысы мен депутаттық фракциялардың басшылары бар. Жалпы жүзге жуық адам. Бәрі маскасыз және әлеуметтік қашықтықты сақтамаған.

Еске салайық, өткен аптада Семейде маска тақпай суретке түскен депутаттар Желіде қызу талқыланды. Семейдің мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжаловтың айтуынша, депутаттар тек екі рет суретке түскен. Біріншісінде маскамен отырған. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше