Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021

Елорданың азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орында - Көлгінов

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қауіпсіздігі негізгі мәселе екенін мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орында - Көлгінов

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ең бастысы қала тұрғындарына сапалы отандық азық-түлікті алу мүмкіндігін жасау.

Ақмола облысының ауылшаруашылық, атап айтқанда сиыр және құс етін, сүт, жұмыртқа, т.б. өнімдерін өндірушілерімен кездестім. Осы саладағы өзекті мәселерерді талқылап, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдадым.

Әрбір өндірушімен делдалсыз ынтамақтаса отырып, әкімшілік кедергілерді жоямыз.

Елорданың азық-түлік қауіпсіздігі негізгі мәселе екені карантин кезінде білінді. Өнімді өндіріп қана қоймай, оны дұрыс сақтай білу де керек. Жеке инвесторлардың есебінен төрт бірдей ірі көтерме-тарату орталығынның және көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Отандық өндірушілерді қолдау аса маңызды», - деп жазды қала әкімі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше