Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021

БҚО: Баланы қар үйіндісі басып қалды

3702 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында көпқабатты үйдің төбесінен қар кесегі баланың үстіне құлады, деп хабарлайды Egemen.kz

БҚО: Баланы қар үйіндісі басып қалды

Blacklist.uralsk Instagram парақшасында жазылғандай, оқиға кеше 5-шағынаудан 7-үй жанында болған. Күндіз мұз аралас қар кесегі ойнап жүрген балалардың үстіне құлап кеткен.

«Құлаған қар орындықта отырған баланың үстіне түскен. Оны жедел жәрдем алып кетті, тірі, бірақ қозғала алмайды. Қар сондай-ақ жолда тұрған автокөлікке де тиген. Күн сәл жылынса, жылда осылай, төбеден қар құлайды. Осы үй балансына кіретін ПИК төбедегі қарды тазалауды міндет деп санамайды. Сауал көп: кім тазалауы тиіс, қандай мемлекеттік органдар бақылайды, қар ұстамайтын тайғақ төбелерді кім қабылдаған, мұндай қауіпті шатырларды пайдалануға рұқсат беру мәселесін кім қадағалайды? Әрине, балаларды қарау керек. Алайда кез келген адамға кіреберіске кірерде және шығарда қауіпті» деп жазылған онда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 16.35-те 5-шағынаудандағы 5-үйге шақырылды. Үстіне қар құлаған бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді, жағдайы орташадан ауыр.