Көлікті тексеру барысында жолаушы сөмкесіненскочпен мұқият оралған 2 пакет табылып, оның ішінен ерекше иісті шөп шыққан. Сараптама оның салмағы 1 келіге жуық кептірілген марихуана екендігін анықтады.
Ал күре жолда көлігімен есірткі тасымалдап жүрген азамат Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.