Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021

Қостанайдағы құрылыс алаңында вагон өртенді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласында құрылыс алаңы өртеніп, оттегі және пропан толтырылған баллон қауіпсіз аймаққа шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Қостанайдағы құрылыс алаңында вагон өртенді

Оқиға Қостанай қаласының Қобыланды батыр көшесінде болған. Құрылыс жүріп жатқан нысан аумағында вагон өртенген. Өрт 75 шаршы метр аумақты шарпыды.

«От құрылыс нысанынан бірнеше метр қашықтықта орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің қоршауына тарады. Оқиға орнына келген Қостанай қаласының №1-МӨСБ өрт сөндірушілері вагон ішіндегі сығылған оттегі бар 3 баллон және сұйытылған пропан бар 1 баллонды алып шықты. Өрт сөндірушілер үй-жайдан барлық баллондарды шығарып, өрт қауіптілігі жоғары аймақтан көшірді. Сонымен қатар құтқарушылардың күшімен көп қабатты үйден баспалдақ маршы арқылы 30 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», делінген ведомство хабарламасында.



Соңғы жаңалықтар