Оқиға • 25 Қаңтар, 2021

Алматы облысында отбасына зорлық-зомбылық көрсетіп келген педофил туралы дерек шықты

971 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында әйелі мен балаларын ұрып-соққан ер адамға қатысты дерек шықты. Бұған дейін әйел адамның қабырғасы сынып, ал баласы оны унитазда тұншықтырғысы келгенін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында отбасына зорлық-зомбылық көрсетіп келген педофил туралы дерек шықты

«Немолчи» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилова агрессор педофил екенін айтқан. Алматы облысының полиция өкілдері балаларды ұрып-соғу ісі сотқа жолданғанын айтты.

Дина Смаилованың сөзінше, сараптама бойынша екі балаға да зорлық әрекеттері жасалғаны анықталған. 

«Тұрмыстық агрессор педофил болып шықты. Ер адам бұған дейін де сотталған, әйелі мен оның анасына қоқан-лоқы көрсетеді. Отбасы ауыр жағдайды басынан өткізіп жатыр. Оны өмір бақи бас бостандығынан айырады деп үміттенемін», дейді Дина Смаилова. 

Алматы облысының полиция өкілдері іс сотқа жолданғанын хабарлады. 

«Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының, 1-бөлігі, 110-бабының, 2-бөлігі және 121-бабының, 4-бөлігі бойынша 45 жастағы ер адамға қатысты 2020 жылдың соңында Іле аудандық полиция бөлімшесі сотқа жолдады. Күдікті Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды», дейді Алматы облысының ПД өкілдері.