16 Желтоқсан, 2013

Эквадор түрмесінен 55 тұтқын қашып кетті

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 12 - Ekvador turmeКеше Эквадортүрмесінен ондаған тұтқын қашып кеткен. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Эквадор ішкі істер министрі Хосе Серраноның айтуы бойынша, туыстарымен кездесу кезінде 55 тұтқын түрмеден қашқан. «Полиция оның 20-сын ұстап үлгерді, қалғандарын іздестіру амалдары жүріп жатыр. Қашқындардың ешқайсысы аса қауіпті қылмыскерлер қатарына жатпайды», – деді ол.

Прокуратура жексенбі күні не себептен түрменің бес күзетшісі бірден жұмысқа шықпай қалғанын анықтауда. Себебі соның арқасында тұтқындардың орталық қақпадан оңайлықпен қашып кетуіне мүмкіндік туған көрінеді.

Эквадор ішкі істер министрі орын алған оқиғаға байланысты, тәртіптік жазалау жүйесіндегі бірнеше лауазымды тұлға қызметтен босайтынын ескертті.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар