Осы күнге дейін індеттен 3 408 науқас жазылып шыққан. 20 қаңтар күнгі мәліметте 6 адамның індет жұқтырып, 7 тұрғынның дерттен құлантаза айығып шыққаны көрсетілген.
Қазір инфекциялық стационарда – 27, ал стационардың реанимация бөлімінде 3 науқас ем алып жатыр. Эпидемия басталғалы бері облыс тұрғындарынан 183 473 сынама алынған. Облыс аумағында 138 мобильді топ жұмыс істеп жатыр.
Облыс індетке қарсы дәрілік заттармен жеткілікті қамтылғанын да айта кетейік. Жыл басынан бері құны 155,3 млн теңге болатын 6 миллионға жуық дәрілік зат алынды. Жуырда тағы 124 млн теңгеге препараттар жеткізіледі.
– Қазір антибиотиктердің 382 755, вирусқа қарсы препараттардың 15 221, антикоагулянттардың 1 317, ыстықты түсіретін дәрілердің 166 687 қорабы бар. Биыл 6 512 дәрілік зат атауына шекті баға бекітілді. Сонымен қатар, вирусқа қарсы 134 дәріге нарықтан төмен шекті баға енгізіліп отыр. Қажетті дәрі-дәрмектерге мониторинг тұрақты жүргізілуде, – дейді облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов.
Қызылорда облысы