Қысқы спорт • 26 Қаңтар, 2021

Шаңғыдан әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 ақпан мен 7 наурыз аралығында Германияның Оберстдорф қаласында шаңғы спортынан әлем чемпионатының жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шаңғыдан әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді

Жер жаһанды жайлаған пандемияға байланысты айтулы жарыс көрерменсіз өтеді. «Бұған дейін біз біраз билет сатып үлгерген едік. Алдағы уақытта да қатарымыз тағы да толыға түсетініне күмәніміз болмады. Себебі, соңғы кездері шаңғы спортына деген қызығушылық күрт артып келеді.  Алайда пандемияның қайта өршуі барлық жоспарымыздың быт-шытын шығарды. Амал жоқ, баршаға ортақ талапқа көнуге тура келеді. Енді сатылған билеттердің ақшасын өз иелеріне қайтарамыз», дейді ұйымдастырушылар. 

Естеріңізге сала кетейік, осының алдындағы әлем чемпионаты 2019 жылы Аустрияның Зефельд қаласында өтіп, жалпы командалық сайыс Норвегия құрамасының айқын жеңісімен аяқталды. Скандинавия түбегінің түлектері 13 алтын, 5 күміс және 7 қола медальді иеленді. Екінші және үшінші орындарға Германия (6 алтын+3 күміс) мен Швеция (2 алтын+2күміс+1 қола) жайғасқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар