Жақында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла мүмкіндігі шектеулі жанның дипломын алуына қол ұшын созды.
«Ләззаттың арманын орындау үшін колледж басшыларымен сөйлестім. Білім ордасымен келісімге келдік. Енді Ләззат дипломын қолына алды. Оның қалай қуанғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес» дейді Серік Қамидолла.