Үкімет • 26 Қаңтар, 2021

Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді

Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді. Пандемия кезінде Ұлттық банк қаржы  технолигияларын белсенді түрде дамытты. Пандемия екінші соғыстан кейінгі елдердің экономикасына әсер етті. Экономика өсімі Қытайда ғана өскен. 2021 жылы әлемдік экономиканың 5,2 пайызға дейін қалпына келу күтіледі. Алайда ол неғұрлым баяу қалпына келеді деп күтілуде, деді Досаев.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы  2021 жылдың екінші жартысында Қазақстанның экономикасы тұрақталуы күтілетінін айтты.

Сондай-ақ Ерболат Досаев Ұлттық банк Президенттің тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейінгі ақшалық-кредиттік жоспарын дайындағанын атап өтті.