Қазақстан • 26 Қаңтар, 2021

2021 жылы теңге бағамын тұрақтындыру бойынша жұмыстар жалғасады – Ерболат Досаев

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

2021 жылы теңге бағамын тұрақтындыру бойынша жұмыстар жалғасады – Ерболат Досаев

– 2020 жылдың соңында теңге 6,1 есеге нығайды. 2021 жылы  теңге бағамын тұрақтындыру бойынша жұмыстар жалғасады. Жалпы Қазақстанның халықаралық резерві өткен жылы 3,1 млрд долларға артты, – деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ ол Ұлттық банк дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асырып жатқанын да жеткізді.

– «Қарапйым заттар экономкас» 400 млрд теңгеге дейін кеңейтілді. Банктер 516 млрд теңгеге қарыз берді. 2020 жылы банктер 528 млрд теңге сомасында 1393 кәсіпкерлік субъектісіне қарыз берді. Президенттің тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейінгі ұлттық төлемді дамыту бойынша бағдарлама қабылданды. Қолма-қол ақша шығындарын екі есе азайтуға мүмкіндік береді. 2020 жылы қарыздық нарығын қабылдау мақсатында инновацияларды дамыту тұжырымдамалары қабылданды. 2020 жылы ҰБ 28 орталық банкті қамтитын цифрлық зерделеу жұмысын бастады. Ұлттық банк активтер мен тәуекелдерді дамыту жүйесін жалғастиыратын болады. Ұлттық банк экономиканы қалпына келтіруді жүзеге асыру барысында ақша-кредиттік жүйені қалпына келтіреді, – деді Ұлттық банк төрағасы.