18 Желтоқсан, 2013

Оңтүстік Суданда төңкеріс ұйымдастырылмақ болды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 12 - SudanОңтүстік Судан астанасында әскери төңкеріс ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер нәтижесінде жексенбі күннен бері 26 адам қаза болып, 140-тан астамы жарақат алған. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің ақпарына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

Елдің бұрынғы вице-президенті Риек Машар жақтастарының мемлекет басшысы Сальваторе Киирді қызметінен шеттетуге бағытталған әрекеттері нәтижесіз аяқталғанымен, Оңтүстік Судан астанасындағы тәртіпсіздіктер басылар емес. Куәгерлер қала орталығынан бірнеше шақырым жердегі әскери казармалар ауданында қарулы қақтығыстар орын алғанын жеткізді.

Оңтүстік Судан президенті Сальваторе Киирдің айтуынша, билікті құлатуды көздеген бірнеше адам тұтқындалған. Алайда, олардың арасында қуғынға ұшыраған саясаткер Риек Машардың бар-жоғы айтылмады.

Оңтүстік Судан астанасы Джуба қаласында қазір 18.00-ден 6.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар