18 Желтоқсан, 2013

Ақмолада қарлы бұрқасын жолаушыларды әбігерге салды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 12-boranАқмола облысында жүздеген жолаушы қарлы бұрқасын салдарынан межелі жеріне жете алмай, жарты жолда қалып қойды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Аймақта ұйытқып соққан жел жолаушыларды әбігерге салды. Төтенше жағдайлар қызметінің ескертуіне құлақ аспай, жолға шыққандардың көлігі қар құрсауынан шыға алмай қалған. Мұндай оқиға «Астана-Петропавл» жолының Жаңаталап ауылындағы бөлігінде тіркеліп, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен бірге, Ақкөл аумағындағы жолдан 85 адам құтқарылды. Қар арасынан 4 жолаушы аршып алынған екен.

Жамбыл облысына қарасты Шақпақ және Күйік асуларында көліктердің боранның салдарынан жүре алмай қалғаны туралы дерек те тіркелді. Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін болады деп болжануда. Осыған орай, мамандар алыс сапарға шықпау керектігін ескертеді.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Кеше