Оқиға • 26 Қаңтар, 2021

Боранда жолға шыққандар жапа шекті

7 рет көрсетілді

Көріну мүмкіндігін төмендеткен қатты бораннан «Жезқазган – Петропавл» автожолының 956 шақырымында төрт көлік бір-біріне соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Көліктердің жылдамдығы төмен болғандықтан, зардап шеккендер жоқ. Бірақ автомашиналарға әжептәуір зақым келді. Алдымен, сынып, апатты шамын жағып жол шетінде тұрған Volkswagen көлігіне арттан келіп Nissan Juke соғылған. Оның өзін қатты келіп қалған артында жақын келе жатқан Mercedes-Benz соққан. Қатты соққыдан Nissan Juke қарама-қарсы жолға шығып кетіп, Toyota Land Cruiser Prado-ға соғылған. Арттан соққан Nissan Juke мен Mercedes-Benzтің жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Былтыр СҚО аумағында 238 ЖКО тіркеліп, оның нәтижесінде 37 адам қаза болып, 315 адам түрлі жарақат алған. Ал қаңтар айында 7 ЖКО тіркеліп, бір адам қаза болды және жеті адам жараланды.

 

Соңғы жаңалықтар

Медбикенің мұнысы не?

Аймақтар • Кеше

Доллар арзандап келеді

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар