Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021

Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыр өңірінде биыл өұны 48,5 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады

Олар Қызылорда қаласындағы шыны зауыты, Қармақшы ауданындағы құс өндіру фабрикасы, Арал ауданында тұз өндіру және түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауыттары.

Бүгінде Арал ауданындағы екі жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Қос жобаның жалпы құны 4,4 млрд.теңгені құрайды.

Сонымен қатар осы жылы 3 зауыттың құрылысы басталады.  «Шалқия» полиметалл кен байыту фабрикасы, калцийленген сода зауыты мен шағын арматура зауыты салынады. Сондай-ақ, құрылысы өткен жылы бастау алған ет комбинатының құрылысыжалғасын табады.

Жалпы Сыр өңірінде индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған 37 жоба жүзеге асырылып, 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше