Білім • 26 Қаңтар, 2021

Биыл 200 жаңа мектеп салынады

677 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл 200 жаңа мектеп салынады

Президент қазіргі кезде ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны артып келе жатқанын атап өтті. Оларға айрықша қамқорлық керек. Осы орайда Үкіметке нақты қажеттіліктер мен заманауи стандарттарды ескере отырып, қаржыландыру нормативтерін жаңарту бойынша шара қабылдау тапсырылды.

«Nur Otan партиясының сайлау алдындағы тұғырнамасы аясында 2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп салуға уәде берілді. Қазірден бастап осы жұмысқа кірісу керек. Биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырамын», деді Мемлекет басшысы.