Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021

Қарағанды облысының тұрғындары оқ жарақатымен ауруханаға түсті

646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында жанжал барысында үш ер адам оқ жарақатын алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағанды облысының тұрғындары оқ жарақатымен ауруханаға түсті

24 қаңтар күні Шахтинск қаласындағы дәмханалардың бірінде қонақтар арасында жанжал туындаған. Салдарынан 33-53 жас аралығындағы қаланың үш тұрғыны оқ жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

«Полиция қызметкерлері 28 жастағы қала тұрғынын ізін суытпай ұстады. Ол бұзақылық ниетпен травматикалық қарудан оқ атқанын мойындады. Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше