Оқиға • 26 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында өртенген үйден адамның мәйіті табылды

2282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Темір мост ауылында үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбе облысында өртенген үйден адамның мәйіті табылды

Өкінішке қарай, өртенген үйден үй иесінің денесі табылды.

Бүгін сағат 11:50-де Мұғалжар ауданы Темір мост ауылында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына аудандық өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 3 адам, 1 техника жіберілді.

«Өрт 14:09-да толығымен сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады.
Оқиға орнында 1966 жылғы үй иесінің денесі табылды. Қазіргі уақытта өртенген үйдің бөлшектерін талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.