Медицина ғылымдарының докторы, профессор Күләш ҚҰРМАНОВА әлемдегі күрделене түскен эпидемиялық ахуал, сондай-ақ Алматыда індеттің өршіп бара жатқанына қатысты тұрғындарға вирустың таралуын болдырмау, жеке бас амандығы мен жақындарының өмірін қорғау үшін сақтық шараларын қатаң ұстанудың маңызды екенін айтады.

– Күләш Байсейхқызы, әлемдегі соңғы эпидемиялық жағдайды қалай бағалайсыз?
– Жасыратыны жоқ, әлемдегі эпидемиялық жағдай аса күрделі, соңғы статистикалар жаға ұстатады. Қазіргі таңда КВИ-ден 2 млн-нан астам адам қаза болды. Ұлыбританияда жаңа штамм пайда болды деп дүрлігіп жатырмыз. Ол бастапқы таралған вирусқа қарағанда әлдеқайда бәсеңдеу болғанымен, таралу қарқыны жоғары. Бұл COVID-19-дан да тез жұғады. Басты қиындық осыда болып тұр.
– Ал Алматыдағы жағдай қандай? Сіздің ойыңызша, ауа райының құбылуы эпидемиялық жағдайға әсер етті ме?
– Алматы қаласындағы жағдай да мәз емес. Шаһар коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «сары» аймақтан «қызылға» өтті. Бір ғана 25 қаңтар күні, яғни бір тәулік ішінде індетті жаңадан жұқтырған 132 адам тіркелген. Төменгі температура эпидемиялық жағдайға әсер етті ме деген сауалға тоқталар болсақ, әрине, суық жоғарғы тыныс жолдарының жергілікті қорғаныс факторлары төмендегеннен кейін (шырышты қабаттарда секторлы иммуноглобулин IgA мөлшері азаяды, бұл қоздырғыштың эпителий жасушаларына жабысу мүмкіндігін тежейді және вирусты, лизоцимді жояды), респираторлық инфекциясы бар адамдардың жиі ауруға шалдығуына әкеледі. Айталық, науқас жөтелгенде немесе түшкіргенде бөлінетін ұсақ бөлшектердің салдарынан вирус адамнан адамға ауа тамшылары арқылы оңай беріледі. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізу арқылы COVID-19 инфекциясының қаупін барынша азайтуға болады. COVID-19 алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін сақтау қажет: бір реттік бетпердені қолдану, дезинфекциялау шаралары, кем дегенде 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек. Иммундық алдын алу шаралары қажет. Бұл – коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау.
– Тұмауға қарсы вакциналау қаншалықты маңызды? Алматы билігі қалада ЖРВИ мен тұмауға қарсы 430 мың доза вакцина сатып алынғанын, олар тиісті санаттарға тегін жеткізілгенін айтты. Бұл эпидемиялық жағдайдың салыстырмалы тұрақтылығына әсер етуі мүмкін бе?
– Тұмауға және ЖРВИ-ға қарсы вакциналардың 430 мың дозасы (олар тиісті санаттағы азаматтарға тегін салынды ЖРВИ мен сырқаттанудың жалпы төмендеуіне оң әсер етті. Алайда вакциналанған денеде олар КВИ ақуыздарынан қорғайтын антиденелер түзбеген. Қарағандыда шығарылатын Sputnik V вакцинасы коронавирус инфекциясын азайтуға әсер ететіні байқалып отыр.
– Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі таралуда. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өзгерген вирусты ғалымдар анықтаған және ол инфекцияның тез таралуымен байланысты болуы мүмкін. Вирустың мұндай мутациясының Қазақстанға келу қаупі бар ма?
– Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа түрі халық арасында тез таралып жатқаны әлем жұртын дабыл қақтырып отыр. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әуе қатынасы жағдайында COVID-19 жаңа штаммының таралу ықтималдылығы бар. Мұндай мүмкіндікті болдырмау үшін біздің елге жолаушылар келген кезде әуежайда эпидемияға қарсы іс-шараларды мұқият жүргізу қажет (ПТР тесті үшін мұрыннан жұғынды алу, дене температурасын өлшеу, карантинді сақтау). Құрамында РНҚ бар коронавирус өте өзгермелі сипатта болады. Әр түрлі факторлардың әсерінен мутацияға ұшырауы мүмкін.
– Әлемде және елімізде COVID-19-ға қарсы вакциналау жұмыстары жүргізілуде. Жаппай вакциналау 1 ақпанда басталады. Сіз бұған қандай түсініктеме берер едіңіз?
– Ресей мен әлемнің бірнеше елінің тұрғындары коронавирусқа қарсы вакциналаудан өтіп жатыр. COVID-19-ға қарсы вакцина қанағаттанарлық түрде төзімді, егер вакциналау ережелері сақталса, жанама әсерлері өте сирек кездеседі. Біздің елдің тұрғындарына да вакцина алу қажет деп есептеймін.
Әңгімелескен
Арман ОКТЯБРЬ,
«Egemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ
Қауіпті індеттен 944 науқас емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:11
Екібастұзда жолаушылар вагоны өртенді
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Жеңіске жеткізген «Жұмыр қылыш»
Руханият • Бүгін, 08:18
Руханият • Бүгін, 08:17
Халықаралық турнирлерге қатысады
Спорт • Бүгін, 08:16
Спорт • Бүгін, 08:15
Спорт • Бүгін, 08:14
Карантин құрсауы сөгіле бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Балықшылар ескерткіші сынға ілікті
Қоғам • Бүгін, 08:08
Экология • Бүгін, 08:08
Қызылордада бау-бақша орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 08:06
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Әдебиет • Бүгін, 08:03
Қоғам • Бүгін, 08:00
Театр • Бүгін, 07:56
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:53
Офтальмологиялық орталық қызметі кеңейді
Қоғам • Бүгін, 07:51
«Көбелек балалар». Сирек кездесетін кесел түрі көп
Қоғам • Бүгін, 07:50
Зауыт жұмысшылары далада қалмайды
Қоғам • Бүгін, 07:48
Аударымның сомасы – 218,6 млн теңге
Қоғам • Бүгін, 07:47
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Руханият • Бүгін, 07:43
Волонтерлік – азаматтық қоғамның баспалдағы
Қоғам • Бүгін, 07:41
Әлем • Бүгін, 07:39
Цифрлы өзгерістің жеңімпаздары мен жеңілгендері
Технология • Бүгін, 07:38
Бес жылда агросекторға 4 трлн теңге тартылады
Экономика • Бүгін, 07:36
Бауырластық байланыстар беки береді
Президент • Бүгін, 07:32
Аймақтар • Бүгін, 07:12
Көкшетауда кейбір шектеулер күшін жойды
Аймақтар • Бүгін, 07:11
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар