Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Тұрғындар онлайн қабылдауда ойда жүрген сауалдарын қойды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Елмұрат Рахматуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онлайн қабылдауда тұрғындар үй, жер және коммуналдық салаға байланысты сауалдар қойды.

Тұрғындар онлайн қабылдауда ойда жүрген сауалдарын қойды

Баспана жайын сұрай келген тұрғындарға тұрғын үй кезек ретімен, заңдылыққа сәйкес табысталатындығын айтқан Елмұрат Нұрмаханбетұлы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алған азаматтардың пайдалану мерзімін ұзарту заң шеңберінде шешілетіндігін атап өтті. Жер жайын сұраған тұрғындар мәселесін жедел шешілуін жауаптыларға тапсырып, тапсырманың орындалу барысы өз бақылауында болатындығын жеткізді.

Айта кетейік, қала әкімінің есеп беру кездесуі алдында шаһар басшысының орынбасарлары аптасына 3 күн азаматтарды қабылдап, тұрғындарсауалдарын тыңдап, олардың шешілуін назарға алуда. Әкімдікке мәселесін айтып, мұқтаждығы бойынша жүгінгісі келетін азаматтарды қабылдауонлайн түрде жүргізіледі.