Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Алматыда әлеуметтік қызметтер үйі ашылады

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Б. Сағынтаев жұмыс сапары барысында шаһардың Достық даңғылында орналасқан ғимаратты жөндеу жұмыстарымен танысты. Алдағы уақытта мұнда Әлеуметтік қызметтер үйі ашылатын болады.

Алматыда әлеуметтік қызметтер үйі ашылады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында қалалықтардың «бір терезе» қағидаты бойынша 42 мемлекеттік және 7 мемлекеттік емес қызмет түрін ала алатындығын жазды.

Әлеуметтік қызметтер үйінің бірінші қабатында әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй саясаты басқармасы, Халықты жұмыспен қамту орталығы, Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация, көші-қон полициясы, БЖЗҚ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарының қызметіне жүгіне алады. Жоғарғы қабаттарда бейінді басқармалар орналасады.

«Өзімізде өндірілген сапасы жоғары әрлеу материалы мен интерьер заттарын пайдалану қажеттігіне мән бердім. Осылайша Алматыда тұрғындардың әлеуметтік қызметтердің барлық спектріне қол жеткізе алатын жайлы бірыңғай орталық құрылады», - деп жазды Б. Сағынтаев.