Күні кеше өткен мереке күндері Қарағанды қаласының көшелері аяқ астынан күрт өзгерді, оны бойлай өсіп тұрған талдарға дейін бүршік жарып, гүлдеп сала берді. Алғашында мұның байыбына бармаған жергілікті жұрт шынымен табиғат тосын мінез көрсетіп, «көктем келе қалған екен» деп ойлап қалысыпты. Бірақ тап солай екен дей қояйын десе, ауа райының жылып кеткені шамалы. Керісінше ақтүтек боран көтерілгелі кейіптегі табиғат «түлен түртіп» тұрды.

Ал мына көрініске таң қалмаған жан жоқ. Енді ше, кеншілер астанасының орталық даңғылдарының бірінде ала жаздай жапырақ жаймаған қарағаштардың өзі қыстың көзі қырауда жайқалып шыға келген. «Бақсам, бақа екен» дегендей, кейін белгілі болды, мұның бәрі табиғаттың тосын мінезінің көрінісі емес, шенеуніктердің кезекті тапқырлығы ғана болып шықты.
Сонда қала басшылығы не істеген дейсіздер ғой?! Олар қарағаштың әр түбіне жіпке тізілген жасанды жапырақтарды орап тастаған. Жұрт мұны «құрметті қонақтар жүретін жерге жасалған кезекті көзбояушылық» деп қабылдап отыр. Өйткені, сақырлаған сары аязы бар Арқа төсінде қысты жаз ету шенеуніктердің ғана қолынан келетін шаруа екеніне ешқайсысы шүбәланбаған.
– Мұндай жағдай, бәлки, оңтүстікте болып жатса, орынды да шығар. Ол жақта пәлендей қатал қыс та бола қоймайды ғой. Ал бізде көзге осының бәрі тым қораш, жасанды көрінеді. Тіпті де көңілге қонбайды, – деді бір оқырман.
– Қысты күні мынандай жап-жасыл болып тұрғаны біртүрлі екен. Қыста керісінше айналаның түгел аппақ болып тұрғаны жарасымды емес пе? – деді екіншісі.
Қалай дегенде де, «Мен де аң-таң, апам да аң-таң» дейтін гәп болып шыққан. Мұндай метаморфозаның не мағына беретінін, оның нені меңзейтінін әлі ешкім түбегейлі түсіне алмай отыр.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.