Тағайындау • 27 Қаңтар, 2021

Білім және ғылым министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен Қанат Маратұлы Сәрсембаев ҚР Білім және ғылым министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Білім және ғылым министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Қанат Сәрсембаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.  Еңбек жолын 1998 жылы «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заңгері болып бастаған.

2000-2002 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінде жетекші маман, бас маман болып жұмыс істеді. 2002 жылдан 2005 жыл аралығында — ҚР Президенті Әкімшілігінің заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің аға сарапшысының м. а., аға сарапшысы, бас сарапшысы.

2005 жылдан 2011 жыл аралығында — ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі. 2011 жылдан 2015 жыл аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. 2015 жылдан 2017 жыл аралығында Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі қызметін атқарды. 2017 жылдан 2019 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2021 жыл аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.