Әлем • 27 Қаңтар, 2021

АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы тағайындалды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Сенаты мемлекеттік хатшы лауазымына Энтони Блинкеннің кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz

АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы тағайындалды

Энтони Блинкен Барак Обама кезінде ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшінің орынбасары қызметін атқарған. 2015-2017 жылдар аралығында АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Джо Байденнің президенттік науқаны кезінде сыртқы саясат бойынша бас кеңесшісі болған. Кандидатурасын бекіту бойынша тыңдалым кезінде Энтони Блинкен Дональд Трамп әкімшілігінің сыртқы саясат бойынша маңызды сұрақтарын қайта қарастыруға уәде берді.