Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Ордабасы ауданында 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы 397 мал бордақылау алаңының 100-і былтыр ашылған.  Осы бордақылау алаңдарында 7 мың тоннаға жуық тірі салмақта ет өндірілді. Өнім Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының базарларына өткізілуде.

Ордабасы ауданында 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді

Ауданда мал шаруашылығын асылдандыру бағытында «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков былтыр «Сыбаға» бағдарламасымен 665 ірі қара мал сатып алынып, тапсырма 139 %-ға орындалғанын айтады. Ал  «Алтын асық»  бағдарламасы 190 пайызға орындалған. Сондай-ақ «Құлан» бағдарламасымен 277 жылқы алынған. Аудандағы 110 сүт фермасында 2 мың сиыр сауынға байланған. Сүт фермаларында тәулігіне 4 355 тонна сүт өндіріледі. Өткен жылы 22 сүт фермасын ашу жоспарланып, іс жүзінде 26-сы ашылған. Сонымен қатар өткен жылы жоспарланған 3 құс фермасының орнына, 5 құс фермасы іске қосылды.

Биыл Ордабасы ауданында мал шаруашылы мен құс өсіруді дамытуға басымдылық берілуде. Бұл ретте, ауданда орналасқан ірі кәсіпорындар мен жергілікті шаруалар арасында мал азығына қажетті шикізатпен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды.

 

 

Түркістан облысы