Қазақстан 2025 жылға қарай әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына ену үшін үлкен мүмкіндікке ие
Әлемдегі 100 ел Интегралды қуатының жаһандық рейтингін қалыптастырған сарапшылардың халықаралық тобы (Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Швейцария және басқа елдер) Қазақстанның стратегиялық жоспарлау мемлекеттік басымдықтың шешуші санатына көтерілген ел екенін атап көрсетті. Бұл республикаға соңғы 10 жыл бедерінде экономикалық және гуманитарлық салаларда дамудың жоғары қарқынын сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Сарапшылардың бағалауы көрсетіп отырғанындай, біздің еліміз Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына 2025 жылы-ақ сенімді түрде жететіндей мүмкіндікке ие. Мұндай қорытынды қандай факторларға негізделетінін «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Ресей Ғылым академиясы Экономикалық стратегиялар институтының бас директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Александр АГЕЕВ әңгімелейді.
Қазақстан 2025 жылға қарай әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына ену үшін үлкен мүмкіндікке ие
Әлемдегі 100 ел Интегралды қуатының жаһандық рейтингін қалыптастырған сарапшылардың халықаралық тобы (Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Швейцария және басқа елдер) Қазақстанның стратегиялық жоспарлау мемлекеттік басымдықтың шешуші санатына көтерілген ел екенін атап көрсетті. Бұл республикаға соңғы 10 жыл бедерінде экономикалық және гуманитарлық салаларда дамудың жоғары қарқынын сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Сарапшылардың бағалауы көрсетіп отырғанындай, біздің еліміз Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына 2025 жылы-ақ сенімді түрде жететіндей мүмкіндікке ие. Мұндай қорытынды қандай факторларға негізделетінін «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Ресей Ғылым академиясы Экономикалық стратегиялар институтының бас директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Александр АГЕЕВ әңгімелейді.
– Түрлі рейтингтік жүйелер бар, – дейді ол. – Олардың ішіндегі аса маңыздысы – Давос, Бүкіләлемдік банктің «Дуинг бизнесі», сондай-ақ, Интегралды қуаттың жаһандық рейтингі. Интегралдық қуаты бойынша Қазақстан 2012 жылы әлемде 34-ші орында тұрды. 2013 жыл елдің шебін күшейтпесе, әлсіреткен жоқ.
34-ші орын елдің экономикалық мәртебесі (оның ішінде энергия ресурстары, экономиканы әртараптандыру), халқы, мәдениеті мен діни мәртебесі, ғылымы мен білімінің дамуы, сыртқы саяси ұстанымы, Қарулы Күштері, мемлекетті басқару жүйесі, корпоративтері, азаматтық қоғамы сияқты факторлар орнының комбинацияларынан тұрады.
Біз әлемдік дамудың бес сценарийін нақты қарастырамыз. Бірақ аса ықтимал және шынайы деп санайтындарымызды жариялаймыз. Осылайша, сарапшылар Қазақстан әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына 2050 жылдан әлдеқайда ерте кіре алады деген қорытынды жасап отыр.
Бұлай деп ой қорытуға Қазақстанның қазіргі таңдағы даму үрдістері, экономикалық даму қарқыны мүмкіндік береді. Бұған елдің күш-қуаты, білім-білігі де жеткілікті. Бұл қоғам үшін нені білдіреді? Бұл – мүлдем басқа сапа, деңгей, өмірді сезіну, сәйкес біртектілік, әлемдегі орын, қарым-қатынастар үйлесімі.
– Александр Иванович, сарапшылар тобының жалпы ұстанымдары қандай, олардың бағамдары ұқсас па?
– Біз Қазақстанның стратегиялық келбеті ұстараның жүзі сияқты өткір екенін көреміз. Қазақстан аумақтық факторы, табиғи ресурстары бойынша өте қуатты шепке ие. Оның таяу онжылдықтағы даму кескіні де қылаң береді.
Біз осы бағамды зерттей және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың былтырғы «Қазақстан-2050» Стратегиясын саралай келіп, барлық қағидаттардың өте жоғары үйлесімін көрдік. Осыған орай, сарапшылар берген баға да өте оптимистік және оң.
Біз елдерді 4 категорияға бөлдік. Абсолютті және салыстырмалы түрде өсіп, абсолютті және салыстырмалы түрде құлдырайтын мемлекеттер бар. Салыстырмалы түрде өсіп, абсолютті құлдырайтын елдер де бар... Оларға қарағанда, Қазақстан БРИКС елдерімен қатар алғашқы шептерде тұр және болашақ өсімнің сегменттерін айқын байқатады.
Біз басқару жүйесі, сыртқы саясат сияқты параметрлер елдің интегралды қуатының өсіміне қуатты серпін беретінін аңдадық. Бұл жерде елдің әлемде өзін қай жағынан көрсететіні маңызды. Кейін бұл жайт адамдар өмірі деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік туғызады. Бұл байланыстарға тақтайдай түзу жол тән емес, әрине, бірақ өте қуатты тиімділік береді.
Бір жыл бұрын ел Президентінің стратегиясымен танысқан кезде, мен үлкен футурологиялық қуанышқа кенелдім. Бұл – ел басшылығы мен қоғам, бизнес ортақ ауқымды жетістіктерге ұмтылатын әлемде өте сирек кездесетін құбылыс. Сондықтан, болашақты нақты болжаған жоспар болған кезде іс-әрекет те нақты соған қарап бой түзейді.
– Сіз Қазақстанның халықаралық аренадағы бастамаларын қалай бағалайсыз?
– Мен Астанада өткен көптеген түрлі халықаралық ірі іс-шараларға қатыстым. Бұлар Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, G-Global, өңірдегі қауіпсіздік саласына қатысты басқосулар. Бұл – сыртқы саясат үшін айтарлықтай актив.
Мен БҰҰ-да, Нью-Йоркте елдердің қазақстандық идеялар мен ұсыныстарды риясыз қабылдағанына талай мәрте куә болдым. Сіздердің елдеріңіздің беделі шын мәнінде жоғары.
Халықаралық аренадағы бедел – жалпылама сөз емес, өте нақты материя екенін атап өткен абзал. Сондықтан біз осындай кең көлемді саясат, республиканың бастамалары туралы айтқанда, бұл қандай да бір елес-идеялар емес, нақты тәжірибе екенін көреміз.
...Ақырған ақпан айы болатын. Әуежай жабылып қалған, сондықтан маған Астанада үш күн кешеуілдеуге тура келді. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы Алматыдағы ахуалды қалай сезінгені, астананы көшіру туралы шешімнің қалай қабылданғаны, валюта жағдайының қандай болғаны, пост-кеңестік кеңістіктегі әріптестерінің өздерін қалай ұстағаны, сыртқы саясаттың қалай қалыптастырылғаны, «2030» Стратегиясы қалай пайда болғаны, т.б. туралы әңгімелейтін кітабын басынан аяғына дейін оқып шықтым. Және бар-жоғы осыдан бір жыл ғана бұрын біз елдің 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы туралы білдік. Футуролог ретінде мен эйфорияны сезіндім: шын мәніндегі футурологиялық сөздер нақты ресми құжатқа айналған!
Осы мағынада бастамаларды қалай бағалауға болады? Оларды күшейтуді жалғастыра беру қажет. Қазақстанның саяси мәдениеті үшін маңызды мәселе, меніңше, стратегиялық Жолдауды орындаудың жалпыға ортақ жүйелі жоспарын қабылдау болып табылады.
Кестемен көркемдегендей әдемі сөздер айтып, маңызды мақсаттар қоюға және олар туралы ұмытып кетуге болады. Ал бұл жерде біз барлық міндеттердің дәйектілікпен жүзеге асырылып жатқанын көреміз. Орындадық екен, жаңа шешімдер туралы ойлаймыз. Іс жүзінде ешқандай бастама аяқсыз қалдырылмаған. Саясаттың, стратегияның бірізділігі маңызды. Идея бар кезде, оны орындау жалғасады.
Әңгімелескен
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».