Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Түркістанда жолдарға жүргізілген мониторинг барысында 114 бұзушылық анықталды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері мен «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» өңірлік филиалы инженерлері тұрғындардың арыз-шағымы негізінде зерделеу жұмыстарын жүргізген.

Түркістанда жолдарға жүргізілген мониторинг барысында 114 бұзушылық анықталды

Нәтижесінде 114 бұзушылық дерегі,  соның ішінде өндірістік-техникалық құжаттаманың жүргізілмегендігі, асфальт-бетон жамылғысындағы тегіссіздіктер мен сызаттардың болуы, сынулар мен ығысулардың орын алуы, жол жиектерінің бұзылғандығы және  сынамалар бекітілген талапқа сәйкес келмейтіндігі анықталған.  Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай «Сапалы жол  - Адалдық алаңы» жобасы аясында 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Кемшіліктерді жою бойынша келтірілген ұсыныстардың негізінде тиісті жұмыстар атқарылып, бүгінде 114 бұзушылықтың 97-сі (86%)  қалпына келтірілген. Бұдан бөлек, жылжымалы зертханалық көлігі арқылы күре жолдардан алынған сынамалар барысында анықталған кемшіліктерді жою  бойынша мердігер мекеме басшыларына  акт түзіліп, жаңадан салынған сапасыз жолдарды қайта қалпына келтіру бойынша жауапты қала, аудан әкімдеріне нақты ұсыныстар жолданған.

«Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде өткен жылы Департаментпен 78 нысанға жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, жалпы құны 12 886,2 млн теңге болатын бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы бақылауда болған.

 

 

Түркістан облысы