19 Желтоқсан, 2013

Елші оқыған дәріс

290 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

01-Старый парламентКеше Мемлекеттік басқару академиясында Қытай Халық Респуб­ли­­­ка­­сының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Лэ Юйчэн «Елші сағатына» қаты­сып, академияның магистранттары, докторанттары мен профессор-оқытушылар құрамы алдында «Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитеті 18-ші шақ­ырылымының үшінші пленумы және Қытайдағы реформа мен ашықтықтың жаңа кезеңі» тақырыбында дәріс оқыды.

 

01-Старый парламентКеше Мемлекеттік басқару академиясында Қытай Халық Респуб­ли­­­ка­­сының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Лэ Юйчэн «Елші сағатына» қаты­сып, академияның магистранттары, докторанттары мен профессор-оқытушылар құрамы алдында «Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитеті 18-ші шақ­ырылымының үшінші пленумы және Қытайдағы реформа мен ашықтықтың жаңа кезеңі» тақырыбында дәріс оқыды.

Елші мырзаны жиналған­­дармен таныс­тырған Академия ректоры Б.Әбдірәсілов шекаралас жат­қан елде соңғы өткен партия пленумында мемлекеттік бас­қаруды реформалау қажеттігі айтылғанына және оның біздің ел үшін де өте қызғылықты болып отырғанына тоқталып, Лэ Юйчэннен қытайлық тәжірибе жа­йын­да кеңірек әңгімелеуді өтінді.

– Даланың аяздығы сіздердің достық қабылдауларыңыздан еш сезілмейді, алдымен сіздерді күні кеше аталып өткен Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Менің Қазақстанға елші болып келгеніме 4 айдың ғана жүзі болды. Осы уақыт ішінде сіздердің табыстарыңызға көңілім толғанын жеткізгім келеді. Көреген басшыларыңыздың арқ­асында тамаша жетістіктерге жеттіңіздер, мемлекеттеріңіздің іргесін ны­ғайтып, озық 50 елдің қатарына ендіңіздер. Жақын көршілеріңіз – ханзу жұрты сіздердің осы табыстарыңызға рия­сыз қуанады, – деп сөзін бастаған елші әрі қарай өз елінің тынысын сөз етті.

Қытай Коммунистік пар­тиясының 18-ші шақырылымы үшін­ші пленумының бүгінгі уа­қыт­та аса зор мәнге ие болып отырғанын айтқан елші онда көтерілген мәселелердің елді реформалау барысындағы маңызына тоқталды. Пленум шешімін осыдан 35 жыл бұрын Дэн Сяопин бастаған реформалармен салыстыруға болады. Өйткені, сол жылдары Қытай экономикасы өте бір тоқырауға ұшыраған кезең еді, ал сәтімен жүргізілген реформа елді қазіргі деңгейге көтерілді, енді алдымызда жаңа міндеттер тізбегі тұр, деген Лэ Юйчэн оларды еңсермесек елдің қол жеткізген жетістіктерін ұстап тұруына қиындық келе­ді, сондықтан да партия көтер­ген реформалау бағыты алға дамуға жол ашады, деді. Осы ретте нарықты өрістетуде кәсіпкерлікті қолдауға, олардың тынысын кеңейтуге мейлінше жеңілдіктер қарастырылғанын, соның нәтижесінде аз уақыттың ішінде елдегі кәсіпкерлердің саны кәдімгідей артқанын атап айтты. Бұрын кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат алу үшін ғана 33 ведомствоның есігін қағып, 140 құжат дайын­дайтын болса, енді «бір терезеден» қызмет көрсетудің арқасында қазір ол бір күн ішінде ғана атқарылатын болыпты.

Әрине, мұндай қадамдардың онсыз да әлемдік экономикада көшбасшылыққа ұмтылған елдің тынысын одан әрі аша түсетіні айқын.

Осы іс-шара шеңберінде Мемлекеттік басқару ака­де­мия­сының басшысы Б.Әбдірәсіловтің ҚХР-дың Қазақстандағы Тө­тен­ше және өкілетті елшісі Лэ Юйчэнмен кездесуі барысында мейман Академия қызметінің негізгі бағыттары мен оның даму келешегі туралы хабардар болумен қатар, қос тарап мемлекеттік қызметшілерді, сон­дай-ақ, дипломатиялық кадрларды даярлаудағы ын­тымақтастықты дамыту бойынша пікір алмасты.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар