Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал – майоры Қайрат Дәлбеков жыл қорытындысы бойынша қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік қызметкерлерді марапаттады.

Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды

«Біздің салада батыл да батыр, халыққа жақын, елдің тыныштығын сақтауға аянбай қызмет ететіндер жұмыс атқарады. Бірлікте атқарған жұмысымыз жоғары бағалануда. Осы тұста, жыл бойы жақсы нәтижелерімен көзге түскен бірқатар полицейлерімізге құрмет көрсетпек ниеттеміз. Қиын да қауіпті саладағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін!», деді Қайрат Дәлбеков.

Президент Жарлығымен пандемиямен күрес кезіндегі жемісті еңбектері үшін «Халық алғысы» медалімен Медицина бөлімінің басшысы Мәлік Иватұлы, ЖПҚ басқармасының инспекторы полиция майоры Нұрлан Тұмабаев, патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Ғалымжан Жақсылықов марапатталды.

Сондай-ақ Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасына «Үздік тергеуші» полиция майоры Бекзат Матенов, «Үздік криминалист» полиция майоры Фархат Баятаров, «Үздік жедел уәкіл» Ермек Шәкім, «Үздік анықтаушы» Әлімжан Тасбауов, «Үздік патрульдік полиция қызмет инспекторы» полиция аға лейтенанты Ерназар Сүйіндік ие болды. Кәсіби шеберлігі мен қырағылығын көрсеткен тәртіп сақшылары  еңбектерінің ескерілгеніне риясыз алғыстарын жеткізіп, Қазақстан Республикасы үшін қалтқысыз қызмет етуге уәде берді.

 

 

 

Түркістан облысы