Алматыда «HoReCa Қазақстан» мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындарының Ұлттық қауымдастығы Дүниежүзілік эскимо күніне орайластырып, нарықтағы танымал балмұздақтарға дегустация өткізді.

Эскимо қазақстандық нарықтың 30%--дан астамын және стақандағы балмұздақтан кейін екінші орынды алады. Ал ақшалай түрде миллиондаған жанның сүйікті тәттісінің үлесі – 30 миллиард теңгені құрайды.
Эскимо күні – бұл 24 қаңтарда атап өтілетін халықаралық мереке, өйткені дәл осы күні 1922 жылы америкалық Онава қаласындағы тәттілер дүкенінің иесі Христиан Нельсон «Пирожок эскимосына» патент алды. Шоколад глазурімен көмкерілген, таяқшадағы дәмді салқын рахатқа бөлейтін кілегей кесек әрдайым мерекемен байланыстырылады. Ал осы күнге дейін эскимо эволюциядан өтті, жаңа технологиялардың өндірушілердің қиялымен ұштасуы қос қабатты шоколадтағы және салмасы, дәмдеуіш пен жаңғақ бар, сондай-ақ «ыстық шоколад» және басқа да дәмдерден рахат алуға мүмкіндік береді.
Нарықтағы осы десерттің көптеген түрлеріне қарамастан, дегустацияны ұйымдастырушылар шақырылған сарапшыларды қатаң шеңбермен шектемеді, яғни классикалық эскимомен тоқтап қалмады. Өйткені, балмұздақтардың дәмі мен түсі әртүрлі келеді және әрқайсысының өз әуесқойы бар.
Сарапшылар Euromonitor маркалары бойынша нарықтағы көшбасшы балмұздақтың, сондай-ақ тұтынушылар арасында танымал балмұздақтың дәмін татты. 2020 жылы Euromonitor ТОП-5 құрамына қазақстандық «Шин-Лайн» өндірушісінің «Бомба» балмұздағы кірді, оның үлесіне нарықтың 14,1%, «Миша» («Шин-Лайн») – 8,5%, «Золотой стандарт» («Инмарко») – 7,2%, Bahroma («Шин-Лайн») – 7% және «Магнат» («Инмарко») – 6,9% тиесілі.
Нәтижесінде, дәм татушылар «Бомба» қара печенье эскимосына, «Миша» пломбир эскимосына, «Золотой стандарт» глазурдегі пломбиріне, Bahroma фондан қызыл апельсиніне, «Магнат» шоколадты трюфельіне, «Мишка на Полюсе» ыстық шоколадтағы пломбир зефиріне, «Буржуй» Classic эскимосына, «Коровка из Кореновки» шоколад глазуріндегі пломбир эскимосына, «48 копеек» қара шоколадтағы пломбиріне және жаңғақтар қосылған шоколад глазуріндегі кілегейлі «Белочка» эскимосына баға берді.
Денис Мұсабаев - «HoReCa Қазақстан» төрағалығымен өткен сараптамалық қазылар алқасына Nazik кондитерлік желісінің иесі Анна Мирте, белгілі тележүргізуші Яна Бобрыка, кондитерлік өндірістердің директоры Лейла Алиева, сондай-ақ БАҚ өкілдері - Мақпал Ноғайбаева – «Jas Qazaq» газеті, Татьяна Аладьина – «Экспресс К» газеті және Еңлік Сақтан - Baribar порталы кірді.
Дегустаторлар балмұздақты сыртқы түрі, жалпы дәмі, балмұздақтың түсі, шоколад глазурінің өңі және табиғилығы сияқты өлшемдерге сәйкес бағалады, табиғилық бұл – субъективті сезім, яғни қоспалар мен хош иістердің балмұздақтың сүттен жасалынғанын бұзбауы.
Пікірлердің плюрализм принципін сақтау үшін жеңімпаз балмұздақ тікелей таңдалмады. Алайда көшбасшылар анықталды.
Табиғи теңдестірілген дәмі, жаңғақтардың сапасы, жақсы шоколад және көзге ұнамды талғампаз келбеті үшін сарапшылар «Белочка» эскимосын атап өтті. Фавориттер арасында «Мишка на Полюсе» шоколадтағы зефир пломбирі де бар, ол қазылар алқасының өкілдеріне жақсы шоколад пен жағымды тәтті балмұздақ құрылымды-суфле үшін ұнады. «Золотой стандарт» глазурдегі пломбирі нәзік және табиғи сүт дәмі, жағымды хош иісі және қытырлақ шоколад глазурі үшін мақұлдауға ие болды. «48 копеек» қара шоколадтағы пломбирі қанықтылығы мен нәзік кілегейлі құрылымы үшін атап өтілді.
Табиғи сүттің дәмі бар, қара печенье мен балмұздақтың сәтті үйлесуі «Бомбада» байқалды, ол қазылар алқасының пікірінше, әсіресе кіші жастағы балмұздақ сүйермендеріне ұнауы тиіс. Сондай-ақ, «классикалық» бай кілегейлі дәмі мен жағымды құрылымы үшін сараптамалық комиссия бірауыздан «Миша» пломбир эскимосына ерекшеледі.
«Бұл мен қатысқан ең дәмді дегустациялардың бірі болды. Балмұздақ көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп бекер айтылмайды – мен дәмін татудан кейін, шынымен де, позитивті әсердемін, менің ойымша, бүгін жеңілгендер жоқ. Дегенмен, менің субъективті пікірім көптеген қазақстандықтардың пікірімен сәйкес келетініне қуаныштымын. Менің таңдауым отандық өндірушінің «Белочка» және ресейлік «Магнат» балмұздақтары болды. «Белочка» жаңғақтардың, жағымды дәмнің, жақсы шоколадтың және тәбетті түрінің болуымен ұнады. Ал «Магнат» шоколадты трюфельі де көздің жауын алады, жағымды, тым тәтті емес дәмі бар, субъективті сезіммен зер салсақ, ең аз хош иістендірілген. Менің негізгі тұжырымым және кеңесім – әр түрлі балмұздақтардан дәм татыңыз, жаңа дәмдерді байқап көріңіз, осындай гастрономиялық рахатқа тек жазда ғана емес, қыста да бөленуге мүмкіндік тауып көріңіз», - деді «HoReCa Қазақстан» мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындары Ұлттық қауымдастығының өкілі Денис Мұсабаев.
Қазір 230 мыңға жуық адам жұмылдырылған HoReCa саласы күрделі кезеңдерді бастан өткеруде. «HoReCa Қазақстан» қауымдастығы бейресми сипатта өткізілген дегустация сала қатысушыларына, оның ішінде балмұздақ өндіруші - үздік серіктестердің үздік өнімдеріне артықшылық беруде септігін тигізеді деп үміттенеді.
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • Кеше
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • Кеше
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • Кеше
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • Кеше
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • Кеше
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • Кеше
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • Кеше
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • Кеше
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • Кеше
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Кеше
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Кеше
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Кеше
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Кеше
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Кеше
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Кеше
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Кеше
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Кеше
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Кеше
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Кеше
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Кеше
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Кеше
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Кеше
Әлем • Кеше
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар