Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Гүлжаухар Раева кеңесте қозғалған және шешімін тапқан мәселелер жөнінде хабарлама жасады. Мәселен, газдандыру бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асты, абаттандыру, көркейту – көгалдандыру саласында жұмыстар істелді. Сонымен бірге орта шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытында ауылдық елді мекендер мен кенттерде 70 цех жұмысын бастады. Алдағы кезеңде де жұмыссыздықты азайту, аудан бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайту, басқа да мәселелерді кезең- кезеңмен шешу көзделген.
Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының есептері негізінде өткен жылғы қызметтеріне оң баға беру туралы қарар қабылданды.