Бүгін, 27 қаңтар күні Алматы қаласында «Menin Armanym» корпоративтік қорының тоқсандық жұмысына арналған пресс-конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Menin Armanym» корпоративтік қоры – еліміздің əр аймақтарынан келген ауыр науқас балалардың арманын орындайды. Осыған орай ұйым өкілдері қор жұмысының алғашқы үш айының қорытындыларын айтып берді.
Осы орайда «Menin Armanym» қорының директоры Шамиль Ванкеев азды-көпті пікірімен бөлісті.
«Біз бұл жоба туралы ойлаған кезде ұзақ уақыт бойы еліміздің қайырымдылық нарығын зерттедік. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда қайырымдылық қорлары көп, бірақ әлі бірыңғай жүйе қалыптаса қоймады. Қорлар бірнеше бағытта жұмыс істейді, бірақ біздің ұйым арманның орындалуын таңдап алды. Біз Түркияға барып, 40 жылдай жұмыс істеген ұйымның тұжырымдамасын зерттедік. Бертінге дейін олар əлемдегі 500 мың баланың армандарын орындады. Қазақстанда мұндай алаң болмағандықтан, түрік əріптестеріміздің жұмысымен танысып, әрі қарай өз қорымызды құруға бел будық», дейді Қор директоры.
Қордың басты ерекшелігі – денсаулығында кінəрат бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың армандарын орындайды. Қор сыйлықтар бермейді немесе емделуге қаражат жинамайды. Бірақ олар балалардың ішкі қалауындағы ниетін орындауға қолұшын тигізеді.
Шамиль Ванкеевтің айтуынша, бүгінге дейін әр өңірдегі науқас 13 баланың қалауы жүзеге асырылған. Сонымен қатар бұл корпоративтік қорға кез келген адам ерікті болып жұмыс істей алады. Дегенмен қор басшысы еріктілерді бастапқы кезде психологиялық тұрғыдан дайындайтындарын тілге тиек етті.
«Біз оларды психологиялық тұрғыдан дайындаймыз. Ең алдымен, Қордың жұмысын бастамас бұрын қызметкерлерге эмоционалды көмек қажет екенін түсіндік. Сол себепті оларға мотивация бере отырып, еріктілердің құлшынысын оята білдік десек қателеспегеніміз. Осындай процестерден өткеннен кейін ғана еріктілердің жұмыс барысындағы кез келген қиындыққа төтеп беруіне жол ашылды. Мәселен, алқашқы екі баланың арманын орындағаннан соң, оларда да эмоционалды тұрғыдан қиын екенін түсінді. Сондықтан біз міндетті түрде шеберлік сабағын өткіземіз. Осыған байланысты желтоқсан айының соңында олармен қосымша тағы онлайн шеберлік сабағы өтті», дейді Шамиль Ванкеев.
Сондай-ақ ол шеберлік сабағына республиканың түкпір-түкпірінен барлық жастар қызығушылық танытып, өздерінің белсенділігін көрсеткенін айтып өтті. Алдағы таңда супервайзерлерге бөлек шеберлік сабағы өтетінін қоса кетті.
«Баланың арманы орындалғанға дейін және одан кейін өзіңді қалай ұстау керек, ата-анамен қалай сөйлесу керек деген сияқты нəрселер жəне де қиын сəтте өзіңді қалай жеңіп шығу керектігі айтылады, үйретіледі. Біз барлығы түсіну үшін осылай шеберлік сабақтарын жеке, жеке жасайтын боламыз», деді «Menin Armanym» қорының директоры Шамиль Ванкеев.
«Menin Armanym» корпоративтік қорының басты мақсаты − баланың моральдық жағдайын жақсарту үшін паллиативті жəне эмоционалды көмек көрсету, əр балаға күнделікті ауыр сырқаттармен күресу үшін жаңа серпін беру. Сонымен қатар қоғамдастық бастамаларын дамыта отырып, балаларға көмектесу. Қазақстанның кез келген азаматы жобаның демеушісі бола алады немесе оның еріктілер қозғалысына қатыса алады. «Menin Armanym» корпоративтік қорының қызметі туралы қосымша ақпаратты қордың ресми сайтынан оқи аласыз.
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • Кеше
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • Кеше
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • Кеше
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • Кеше
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • Кеше
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • Кеше
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • Кеше
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • Кеше
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • Кеше
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Кеше
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Кеше
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Кеше
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Кеше
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Кеше
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Кеше
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Кеше
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Кеше
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Кеше
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Кеше
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Кеше
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Кеше
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Кеше
Әлем • Кеше
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар