Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021

Алматыдағы үй кезегіне қатысты заңсыздық әшкере болды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тұрғынын әлеуметтік үй кезегінен заңсыз шығарып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Алматыдағы үй кезегіне қатысты заңсыздық әшкере болды

Қалалық соттың ресми сайтының мәліметінше, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында Б. атты арызданушының азаматтық ісі қаралған. Ол сотқа мемлекеттік органның тұрғын үйге мұқтаж адамды тіркеуден шығару туралы шешімін заңсыз деп тану және заңбұзушылықтарды жою жөнінде арыз берген.

Өтініш арыз берушінің әлеуметтік қорғалатын (толық емес отбасы) санатында тіркелгендігімен және тұрғын үй заңнамасына сәйкес баспана алғанға дейін тіркеуден шығарылмауы тиіс деген уәжіне негізделген. Істі қарау барысында сот материалдық іске тіркелген барлық құжатты зерттеді. Меморганның арызданушыны тіркеуден шығаруына негіз болған заң нормасы ол үйге кезекке тұрғанға дейінгі 12 ай ішінде орынды болған.

Сот ұсынылған дәлелдемелерді, істің анықталған нақты мән-жайын бағалап, оларға қолданыстағы заңнаманың нормаларын қолдана отырып, арызданушының талабын қанағаттандырды. Яғни, сот арыз беруші Б-ның дәлелдерін заңды деп таныды, ал мемлекеттік органның тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығару әрекетін заңсыз деп тапты.