Экономика • 28 Қаңтар, 2021

Ауыл шаруашылығында қандай мамандықтар қажетсіз боп қалады?

779 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың үшінші тоқсанында ауыл шаруашылығы саласында 1,2 млн жұмысшы тер төккен. Бұл елдегі жұмыспен қамтылған барлық азаматтың 13,9 пайызы, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауыл шаруашылығында қандай мамандықтар қажетсіз боп қалады?

Ranking.kz дерегінше 2020 жылдың 10 айында электронды еңбек биржасында ауыл шаруашылығына қатысты 50 мың бос орын жарияланған. Былтыр аса қажет болған мамандықтар қатарында тракторшы, инженер, күзетші, кран операторы, көлік жүргізушісі бар.

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы бірқатар қызметтердің автоматтануына әсер етіп жатыр. Әсіресе, қол күшімен атқарылатын біраз шаруаны қазір автоматты жүйе алмастырды. Бұл жаһандық үрдіс ауыл шаруашылығын да айналып өтпеді. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметі бойынша 18 жаңа және жоғалып бара жатқан 10 мамандық анықталған.

Келешекте мал бағушы роботехник, жер және су ресурстарын басқарушы IT-инженер, агроном-экономист, цифрлық агроном, жаңа технологиялар бойынша мамандар пайда болады. Ал келешегі тұманды мамандықтар қатарында таңбалаушы, қаптаушы кәсіптері бар. Мәселен, бір ғана робот бірнеше қаптаушы адамның жұмысын істеуі мүмкін. Әрі роботтың дамыл таппай тәулік бойы жұмыс істей беретіні тағы бар. Сондай-ақ сұрыптаушы, жүк тиеуші мамандар да біртіндеп сұраныстан ығыса түседі.