Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда қаңтардың 28-і күні Шымкент қаласында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.