Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021

Шымкенттегі әскерилер заңсыз құрылған лаңкестер тобының күшін жойды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дарбаза» оқу полигонында жауынгерлік дайындықтың нағыз қызған шағы. Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде бөлімшелерінің шоғырлануы іс жүзінде жауынгерлік оқ атулармен аяқталды, деп жазады Egemen.kz

Шымкенттегі әскерилер заңсыз құрылған лаңкестер тобының күшін жойды

Жаттығу шеңберінде әскери қызметшілер «Бөлімшенің марш жасау бағдары», «Бөлімшенің елдімекендерде іс-қимыл жасауы» және «Бөлімшенің жауынгерлік атыспен қорғаныс ұйымдастыруы» сынды тақырыптарда шеберліктерін шыңдады. Бөлімше командирлеріне жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде тәжірибелік машықтарын жетілдіру және оларды дұрыс орындау, қарсыласты тауып, олардың жауынгерлік күшін жоюға арналған тапсырмалар қойылған.

Сондай-ақ жаттығу барысында қарсыластың тосқиылдан және әуеден шабуыл жасауы, залалсыздандырылмаған ауданмен жүріп өту, мина-жарылғыш қоршаудан өту, жеке құрамды позицияға орналастыру, алдыңғы шепте қарсыласқа шабуылдау және көзін жою сынды тақырыптар кеңірек пысықталды.

«Жауынгерлік атыс сабақтары бөлімшелердің күрделі жағдайдағы әрекеттері мен өзара бірлесіп қимылдау әдістерін тексеру мақсатында жүргізіліп жатыр. Ол мотоатқыштар жеке құрамымен «Заңсыз құрылған лаңкестер тобының күшін жою» тақырыбында өтті. Бөлімше командирлерінің ұрыс барысында жауынгерлік бұйрықты дұрыс беру және атысты шеберлікпен басқару нәтижесінде қарсылас топтың көзі түгел жойылды. Бүгінгі бөлімшелердің жауынгерлік атыстары 100 пайызға орындалды», дейді батальон командирінің орынбасары капитан Бекзат Абжапаров.

Айта кетсек, Құрлық әскерлері бас қолбасшысының коммиссия мүшелері Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде бөлімшелердің кәсіби біліктіліктерін және жауынгерлік атыс деңгейін тексеріп, жоғары баға берді.