«Украина территориясындағы Лениннің соңғы ескерткіші құлатылды! (Фабрикалар мен санаторийлер сияқты басып алынған және жабық аумақтарды қоспағанда). Бұл ескерткіш Одесса облысы, Измайл ауданы, Старье Трояны ауылында тұрған болатын», - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
Дегенмен Вадим Поздняков тым асығыс ақпарат таратқанға ұқсайды. Онысын Facebook парақшасында өзі де мойындады. Өйткені, Лениннің тағы бір ескерткіші Хмельница облысындағы Тимкив Новоусхытский ОТГ ауылында да бар еді. Ал Ресейлік БАҚ «Украинада Лениннің соңғы ескерткіші құлатылды» деген тақырыптарын түзетуге асығар емес.
Айта кетейік, 2015 жылдан бастап Украина «Коммунистік және нацистік режимдерді айыптау туралы» заң аясында «декоммунизациялау» саясатын жүргізіп келеді. Заңда атаулары КСРО-ны еске түсіретін барлық топографиялық нысандардың атауын өзгерту, сондай-ақ ескерткіштерді бұзу қарастырылған.