Әлем • 28 Қаңтар, 2021

Дәрігер коронавируспен ауырған науқастарды өлтірді деген күдікке ілінді

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда Монтикьяри қаласының дәрігері Карло Моска төсек-орындарды босату үшін коронавируспен ауырған науқастарды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz

Дәрігер коронавируспен ауырған науқастарды өлтірді деген күдікке ілінді

Тергеу мәліметтері бойынша дәрігер COVID-19 індетімен жатқан науқастарға тыныс алу депрессиясын тудыратын препаратты әдейі енгізген. Соның нәтижесінде екі науқас қайтыс болды.

La Repubblica басылымы Италияда індет өршіп тұрған кезде Моска коронавируспен күресте алдыңғы қатарлы дәрігерлердің бірі болғанын айтып өтті.

Алайда Брешия прокурорларының екі науқасты өлтірді деген айыбы дәрігердің пандемияға қарсы ерлік күресінің тарихын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Карло Москаның науқастарды өлтірудің себептері әлі анықталмады. Іс материалдары ретінде аурухана медбикелерінің жазбасы тіркелген, онда олар дәрігер науқастарды медициналық мекемедегі төсек-орындарды босату үшін өлтірді деп күдіктенген.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта Моска сот мәлімдесі шыққанша үй қамауында болады.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ