Мен Түркияда оқып жүрген қазақ студентімін. Жалпы, осы елдің Сакария қаласында елімізден 40-тан астам ұл-қыз оқиды. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінде бәріміз бас қосып, осы ұлық мейрамды атап өттік. Оған өзімізге дәріс беретін ұстаздарымызды және студент достарымызды шақырдық.

Өзіміз оқитын университеттің мәслихат залында Тәуелсіз Қазақстан жайында бейнетүсірілімдер, слайдтар көрсеттік. Отанымыз туралы өлеңдер оқып, ән айттық, домбырамен қазақ композиторларының күйлерін орындадық. Университет ұстаздары да өздерінің тараптарынан біздерді Қазақстан Тәуелсіздігінің 22 жылдығымен шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Мерекелік жиын соңында барлығымыз ұлттық тағамдарға толы дастарқанға отырдық. Қазақтың еті мен қуырдағы дастарқанға ерекше сән беріп тұрды. Қазақстандық студенттер қай елде болса да, қастерлі Тәуелсіздік мерекесін ұмытпайды.
Назар ТҰРЫҚБАЙҰЛЫ,
студент.
Түрік Республикасы.